• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:06:01
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласында 2 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адамнан, Қарағанды облысында 1 адам, Ақмола облысында 6 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Қарағанды облысында індет жұқтырғандардың бірі қайтыс болған. Қазақстанда вирустан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті. 24 науқас сырқаттан жазылып шыққан.

Соңғы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Ақмола облысында – 16 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 363 науқас тіркелді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір