01 Сәуір, 2020 NEWS

Қауіп: Путинмен бетпе-бет жолыққан дәрігерден коронавирус анықталды

Мәскеудің Коммунарка ауданындағы аурухананың бас дәрігері Денис Проценконың коронавирус жұқтырғаны расталды. Ал ол наурыздың 24 жұлдызында Ресей президенті Владимир Путин бас дәрігермен ауыруханада кездескен. Дәлірек айтқанда, бір апта бұрын.  

© РИА Новости / Алексей Дружинин

 

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости дерегін негіз ете отырып хабарлайды.

Екеуара кездесу барысы түсірілген видеода белгілі болғандай, Ресей президенті аталған ауыруханада болып, палаталарды да аралап көрген. 

Сонымен бірге, ауырухананың бас дәрігері Денис Проценкомен де жақын аралықта бетпердесіз әңгіме өрбіткенін көруге болады. 

Ал бас дәрігер 31 наурызда өзінің жұқпалы індетті жұқтырғанын растаған. Сонымен бірге ол медициналық сақтық-шаралар көмегімен өзінің жұмысын жалғастыра беретінін жеткізген.

 

 

Бүгін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Проценконың инфекция жұқтырғаны туралы хабарланғаннан кейін, Путиннің үнемі коронавирусқа тексерілетінін және президентте "бәрі жақсы" деп мәлімдеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір