30 Наурыз, 2020 NEWS
көрнекі сурет
Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. БҰҰ Бас хатшысы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық елдің даму процесіне апатты әсерін тигізеді, өйткені мектептерге, ауруханаларға және басқа да өмірлік маңызды мемлекеттік құрылымдарға арналған қаражат тиісті жерлерге жіберілудің орнына қылмыскерлердің немесе арам шенеуніктердің қолына түседі. Сыбайлас жемқорлық зорлық пен тұрақсыздықты арттырады. Бұл мемлекеттік институттар мен тұтастай үкіметтің көңілін қалдыруы, халықтың ашуын келтіруі және тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін» деген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, оның ішінде келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қамтиды:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау мен жазалаудың тиімділігін арттыру;
- сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде қоғамдық қабылдаудан бас тартуға жағдай жасау.
Осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасты, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. «Қазақстан-2050»: табысты мемлекет үшін жаңа саяси бағыт» стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деңгейіне дейін көтерілді.
Қазақстанда Есеп комитетінің төрайымы Н.Н. Годунова парламент палаталарының бірлескен отырысында «2018 жылғы бюджетке қатысты сапасыз шешімдер нәтижесінде 138 млрд. теңге тиімсіз шығындалды. Бұған кім жауапты?! Көбіне бұл шешімдерді қарапайым орындаушылар қабылдаған. Осылайша, 2018 жылы Есеп комитетінің материалдары бойынша 224 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың тек 9%-ы жетекшілер» депген болатын.
Осы жағдайға байланысты Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қол астындағы адамдардың іс-әрекеттері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі туралы: «Сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек» деген болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі маңызды қадам азаматтардың заң алдындағы тең жауапкершілігі болып саналады. Бұл жағынан Қытай өзгелерге үлгі болып отыр. 2019 жылдың алғашқы алты айында ҚХР-ның реттеуші және тәртіптік органдарына 1,6 миллион шағымдар мен құпия хабар кеп түскен. Мемлекеттік қызметкерлер 168 мыңнан астам әңгімелер мен жазбаша өтініштер жүргізді, 351 мыңнан астам іс ашылған. 254 мың адам жауапқа тартылды. Оның 215 мыңы партиялық жазаға тартылды.
Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін Президент Қ.К. Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету міндетін қойды. Президент «Мемлекеттік сатып алулар өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін үлкен резервке ие (кейбір мәліметтер бойынша жылына 400 млрд. теңгеге дейін). 2018 жылы мемлекеттік сатып алулар 4,4 трлн. теңге, оның 3,3 трлн. теңгесі немесе 75 пайызы бір нүктеден бәсекеге қабілетсіз тәсілмен жүзеге асырылды. Шенеуніктерге арналған осы «қоректендірегіш шұңқырды» жабатын уақыт келді» деп атап өткен.
Көбісі жемқорлыққа тап болған емеспін немесе аз ғана сомамен өз мәселелерін «шешіп алдым» деп айтуы мүмкін. Ааайда азаматтар жемқорлықтың зардаптарын күн сайын сезінеді.
Біріншіден, сыбайлас жемқорлық жағдайында бизнесті дамыту және бәсекеге қабілетті әрі еркін нарықтың қызмет етуі мүмкін емес. Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында: «Бұл мәселе бойынша менің ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін кез келген әрекетті мемлекетке қарсы қылмыс деп санаған жөн. Осыған байланысты қосымша заңнамалық шаралар қажет. Парламент пен Үкімет бұл мәселенің шешімін ұсынуы керек» деген.
Неліктен бизнесті дамыту маңызды? Өйткені жаңа жұмыс орындарының пайда болуы экономиканың осы саласының жағдайына байланысты. Кейбір елдерде жұмыс орындарының 90 пайызы экономиканың жеке секторда шоғырланған.
Бизнеске кедергі келтіру бюджет түсімдерінің азаюын да білдіреді. Бұл дәл мағынасында әлеуметтік қолдаудың төмендеуі. Атап айтқанда мектептер мен ауруханалардың құрылысын тоқтату, зейнетақыны азайту, халықтың мұқтаж санаттарына арналған жәрдемақы, әлеуметтік тұрғын үй салу және т.б. Тағы бір проблема – ел экономикасына салынатын инвестициялардың өспеуі немесе тіпті қысқаруы. Сыбайлас жемқорлық елді шетелдік инвесторлар үшін өте тартымсыз ететіні жасырын емес. Ал ұлттық кәсіпкерлер өз қаражаттары заңмен қорғалатын басқа елдерге инвестиция салуды жөн көреді.
БАҚ-тың хабарлауынша, 2017 жылы Қазақстаннан оффшорға кеткен активтердің ең үлкен ағымы тіркелді, бір жыл ішінде олардың көлемі 1 млрд. АҚШ долларына жеткен, ал олардың шетелдегі инвестициялар құрылымындағы үлесі 50,4%-ды құрады. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында шетелге инвестициялардың жалпы ағымы 532,5 млн долларды құрады. Қазақстан капиталының консолидаторлары – Кипр, Кайман және Виргин аралдары.
Бұл қаражаттың барлығы әлеуметтік саясат, инфрақұрылымды дамыту, бизнесті қолдау саласындағы көптеген мәселелерді шешеді.
Сондықтан мәселені шешуде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатайтудан азаматтық қоғамды күшейтуге және бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын арттыруға дейінгі кешенді шаралар қажет.
Президент Қ.К. Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде атап өткендей, «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – үлкен мөлшерде енетін ауру және одан емделіп шығу ұзаққа созылады. Оған қарсы күшті дәрі қолданбаса, жемқорлықтан арылу мүмкін емес. Сондықтан біз барлық қажетті шараларды жалғастырамыз».
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында жастар мен жасөспірімдер, оқушылар мен студенттер арасында ағартушылық, білім беру шаралары да ұйымдастырылып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы реформалардың алдағы кезеңінің маңызды бағыттарының бірі. Президент Қ.К. Тоқаев айтқандай, ол жүйелі негізде болуы керек. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы Марат Жұмағұлов өз пікірін білдірді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет кезінде әр түрлі елдерде қолданылып жүрген тиімді әдістерді қолдану қажет. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық – кедей елдердің тағдыры деп ойлауға да болмайды. мысалы, Сауд Арабиясы Әмірлігі сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде 48-ші орында, бірақ көптеген зерттеушілер бұл ел сыбайлас жемқорлыққа өте бейім деп есептейді» деді Марат Жұмағұлов.
Оның айтуынша, өкінішке орай, көптеген адамдар сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақтың қарым-қатынасы және одан басқа ештеңе жоқ деп санайды. «Біреу береді, біреу пара алады. Біздің бұған ешқандай қатымыз жоқ» деген пікір кең етек жайған. Бірақ бұл процесс бүкіл қоғамға әсер етеді және әрқайсымызға нақты қауіп төндіреді.
Президенттің талаптарына сәйкес прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлкен мән беруде.
Республиканың Бас прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар алдын-алу шараларын әзірледі әрі оны жүзеге асырып жатыр. Прокуратураның осы саладағы қадағалау қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алуға, олардың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған.
Сонымен қатар, прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін алдын алу шараларын жүргізіп, прокуратура органдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне арналған Ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл нысандарын кеңейту бойынша қалалық және аудандық прокуратуралардың қызметі де күшейтілді.
Прокурорлар қабылдаған шаралардың алдын алу әсерін күшейту үшін тексеру барысында анықталған әрбір бұзушылықты түзету және теріс әсерді қалпына келтіру үшін бақылауды көздейтін заң бұзушылықтарды нақты жоюды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты прокурорлық қадағалаудың сапасы мен тиімділігін, оның ішінде нысандары мен әдістерін жетілдіру арқылы үнемі арттыру қажет.
Осы жұмыстың аясында прокуратура органдары құқық қорғау органдарының үйлестіру функциясының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда.
2017 жылмен салыстырғанда, 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа тап болған кәсіпкерлердің үлесі 3%-ға төмендеген.
Өз кезегінде «Атамекен» АЭС басшысы Тимур Құлыбаев соңғы жылдары бизнеске берілген рұқсаттар 70%-ға, талаптардың 60%-ға қысқарғанын атап өтті. Реттеуші органдардың қысымы 20%-ға азайып, тексерулер мерзімі қысқарды. Қылмыстық заңды ізгілендіру оң нәтиже берді. Экономикалық салада қылмыстық істерді тіркеу бес есеге қысқарды.
Еске салсақ, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналға Жолдауға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жалғасатын болады. Негізгі міндеттер ретінде келесілер анықталды:
1) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясындағы мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын азайту. Жалпы, 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электронды форматқа, ал 2020 жылы – кемінде 90% мемлекеттік қызметке ауыстырылуы керек;
2) өздеріне бағынысты адамдармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін арттыру;
3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлер» жобалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруда астананың тәжірибесін тарату.
Қайырбек Әнуар
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір