01 Сәуір, 2020 NEWS
azh.kz
Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды. Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.
– Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады, – деді бас санитарлық дәрігер орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір