• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:33:34
Алматы
+35°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бірыңғай жиынтық төлемге аударым жасамаған азаматтар 42 500 теңгені қалай алатынын айтты.

– 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді алуда көпшілікке мынадай өтінішіміз бар: Біріншіден, мәліметіңізді дұрыс толтыру керек. Өзіңіздің есепшотыңызды дұрыс көрсетіп, ЖСН нөмірін дұрыс белгілеу керек. Екіншіден, соңғы екі айда болсын сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік төлем болуға тиіс. Себебі бұл төлем бір кассадан төленіп жатқан жоқ. Мемлекеттік сақтандыру қорынан аударылып жатыр. Бірақ осындай әлеуметтік төлемдері мүлде жоқ азаматтар да бар. Яғни бейресми жұмыс істеп жүргендердің еңбек шарттары жоқ, олар салық төлемеген. Сондықтан бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтарға президент рәсімделу ғана жеткілікті екенін айтты. Рәсімделу деген не? Ол үшін Бірыңғай жиынтық төлемді бір мезгіл төлесеңіз жеткілікті. Ол сома қала тұрғындары үшін 2651 теңге, ауыл тұрғындары үшін 1325 теңге. Осыны бір төлесеңіздер 42500 теңгені ай сайын алатын боласыздар, – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министр бірыңғай жиынтық төлемді қалай жасауға болатынын да атап өтті.

– Халық банк, Форте банк, Жусан банк, Сбербанк, БЦК, Каспи банктерде мобильді қосымшалар бар. Сол арқылы Бірыңғай жиынтық төлемді аударуға болады. Болмаса СМС арқылы: телефоннан 5505 нөміріне хабарлама жазып, қала тұрғыны болсаңыз латын әріптерімен «gorod ESP» деп ЖСН белгілейсіз, ауыл тұрғыны болсаңыз «selo ESP» деп ЖСН белгілейсіз. Осыны жібергеннен кейін төлемдеріңіз есепке түседі. Осыдан кейін 42 500 теңгені алуға мүмкіндігіңіз бар, – деді министр.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланып, кей қалалар мен аймақтар карантинге жабылған соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге (шамамен 100 доллар) жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 375 адамнан коронавирус табылды. Үш адам індеттен көз жұмып, 26 адам жазылып шықты. 


♦Оқи отырыңыз: Қазақстанда 42500 теңгеге байланысты жаңа сайт іске қосылады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір