• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:20:57
Алматы
+35°

Қазақстанда коронавирустың 16 жаңа дерегі тіркеліп, індетке шалдыққандар 402-ге жетті. Соңғы ақпаратқа сай, Нұр-Сұлтан қаласында –  7 адам, Атырау облысында –  2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  1 адам, Қарағанды облысында –  6 адам вирусты жұқтырған.

Жалпы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында –  90 адам, Қарағанды облысында –  21 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы –  18 адам, Жамбыл облысында – 5 адам, Шымкент қаласында –  3 адам, Шығыс Қазақстан облысында –  2 адам, Алматы облысында –  9 адам, Ақтөбе облысында –  4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  6 адам, Павлодар облысында –  1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында –  25 адам, Батыс Қазақстан облысында –  2 адам, Түркістан облысында –  5 адам, жалпы 402 науқастан вирус анықталған.

Елде коронавирус жетпеген бір ғана облыс бар. Ол –  Қостанай облысы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір