• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:35:00
Алматы
+35°

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды. 

Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында құрылды. МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1. 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
2. «жәрдемақы алу 42 500» таңдаңыз;
3. өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
4. нысанды (форма) жіберу керек;
5. жүйе телефон нөмірін сұрайды;
6. телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
7. өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

  • орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);
  • жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
  • карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.

Егер сіз бейресми жұмыс істеген болсаңыз, 42500 тг. әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады деген сілтемеге басып, өтініш қалдырып көріңіз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір