• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:19:22
Алматы
+35°

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елде ұлттық қауіпсіздік үшін бірнеше шара қолға алынғанын хабарлады. Оның сөзінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді жиындарға шақыру туралы шығарған шешімі де ұлттық қауіпсіздік үшін. 

"Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндетті азаматтарды арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулысы шықты. Бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін күндер уақыты 13 сәуірге дейін ұзартылды, Коронавирус жұқтырғандардың статистикасы үнемі жаңаруда. Індет еліміздің түгелге жуық өңіріне таралды. Сондықтан бірқатар өңірлерде карантин талаптары күшейтілді. Бұл шешімнің барлығы ұлттық қауіпсіздік үшін қажет шаралар. Басты мақсат – елдің қауіпсіздігі. Сондықтан айтылған талаптарды қатаң сақтау керек. Қоғам амандығының басты шарты осы" деді Абаев.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 наурыздан бері төтенше жағдай. Бұдан бөлек, індет кең таралумау үшін билік бірнеше қаланы карантинге жапқан. Кеше президент Тоқаев елдегі әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулы етті. 

Соңғы дерек бойынша, елде 453 адам вирус жұқтырған. Олардың арасында 28 медицина қызметкері бар. Бүгінге дейін үш адам көз жұмып, 29 адам індеттен айықты. 



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір