• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:41:25
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 3 сәуір сағат 18.10-да елде тағы жеті адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Министрлік таратқан хабарламаға қарағанда, Түркістан облысында үш адамнан, Жамбыл облысында екі адамнан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысында бір-бір адамнан вирус анықталған. 

Қостанайда вирус алғаш рет табылып отыр. Осылайша індет Қазақстанның барлық аймағына тарады.

Ресми мәлімет бойынша, 13 наурыздан бері елде 460 адам вирус жұқтырған. Олардың арасында 28 медицина қызметкері бар. Елде бүгінгі күнге дейін үш адам коронавирустан көз жұмып, 29 адам жазылып шықты. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір