• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:56:20
Алматы
+35°

Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы аймақтағы коронавирус жұқтырған науқастар мен қайтыс болған адам туралы айтты. 

"Өкінішке қарай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Пневмония анықталып, тыныс алуы қиындаған. Науқас қант диабетімен, гипертониямен ауырған. Барлық сынама алынып, емдік шаралар жүргізілді. Науқастың жағдайы нашарлап, бүгін таңертең көз жұмды", - деді басқарма мамандары.

Науқас бір ай бойы Алматы облысының Қарасай ауданында қонақта болған.

"15 наурызда Алматыдан автобуспен үйіне келген. Алматы қаласынан келгенін жасырған. Жақын қарым-қатынаста болған 25 адам, ықтималды байланыста болған 40 адамдар тексірілді. Жағдай бақылауда", - деді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы өкілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір