• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:33:39
Алматы
+35°

Журналист Вадим Борейко facebook парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы әңгімеге түсінік берген жазбасы жайлы пікір білдірді.

Журналист президент Тоқаев пен экс-президент Назарбаевтың ел алдына шықпай кеткенін бұрынырақта жазғанын атап өткен. 31 наурызда Тоқаев теледидар арқылы үндеу жасаған соң оған қатысты мәселе күн тәртібінен түскенін айтып, Елбасының 10 наурыздан бері жұртшылық алдына шықпағанына, elbasy.kz сайтының жаңармай тұрғанына назар аударды.

Борейко 3 сәуірде elbasy.kz сайты жариялаған Назарбаевтың әкімдермен азаматтар қауіпсіздігін талқылағаны жөніндегі ақпараттық хабарламада қолданылған Елбасы телефонды құлағына тақап тұрған суреттің ескі екенін анықтаған. Сурет 2019 жылғы 25 қазанда жарияланған сурет фрагменті екені белгілі болды.

Журналист Айдос Үкібайдың Елбасы денсаулығы туралы таратқан ақпаратта "жалған", "арандату" сөздерінің қолданылуы баспасөз хатшыдан гөрі, саяси дебатта айтылатын сөздерге көбірек ұқсайды деп санайды.

Айдос Үкібайдың карантинге байланысты шектеу алынғаннан кейін Елбасының жұмыс барысынан бейнежазба әзірлеуге уәде беруін Вадим Борейко баспасөз хатшы Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында емес екенін айғақтады деген пікірде.

Журналистің ойынша, Айдос Үкібайдың жазбасында байсалды уәж келтірілмеген. Тек эмоцияға ерік беріліп, аяушылық сезімін тудыруға тырысушылық бар. «Ағайын, менің сөзіме сеніңіздер» дегенді жеткізгісі келетіндей.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Елбасы денсаулығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір