• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:36:09
Алматы
+35°

Президенттің тікелей қолдауы арқасында облыс басшылығы мен Қытай Халық Республикасындағы Елшілік арасындағы келісім негізінде бүгін Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек келді.

Қазақстан Республикасы Президенты өз мәлімдемесінде халықты бетперде мен антисептиктерді қолдануға шақырғаны белгілі.Тұрғындарды мұндай қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Гуманитарлық көмек ретінде келген 220 мың медициналық бетперде, 3000 қорғаныш киімдері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Шаньдун өңірінен жіберіліп отыр.

Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан 500 мың бетперде тегін берілді. Бұл заттар жергілікті әкімдіктер мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы мұқтаж азаматтарға таратылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір