• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:40:21
Алматы
+35°

Президенттің тапсырмасын тиімді жүзеге асыру үшін Ақтөбе облысында әлеуметтік қолдаудың барлық шаралары жасалуда. Төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бюджеттен 900 млн.теңге бөлінді. Бұл 44534 отбасыға көмек болмақ.

Азық-түлік және бірінші кезектегі тұрмыстық тауарларымен қамтамасыз ету үшін 500 млн.теңге бөлінді. Бұл бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыруға бағытталады. Әлеуметтік осал санаттағы 3 мыңнан астам отбасының балаларын қашықтан оқыту үшін 500 млн. теңге қаражат бөлінді. Коронавирустық инфекциямен күресу үшін бірінші кезектегі қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға 529 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде өңір халқын қолдау мақсатында облыс әкімдігі коммуналдық мекемелермен келіссөздер жүргізу нәтижесінде Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін су, жылу, кәріз төлемдерінің тарифтері 20%-ға, электр жарығы 10%-ға төмендесе, облыстың 5 ауданында (Алға, Мұғалжар, Темір, Хромтау, Шалқар) бұл тарифтер 50%-ға дейін төмендетілді. Жалпы осындай көмек көрсету бойынша  облыс басшылығының басқа да жеке ірі компаниялармен келісімдері бар. Алдағы уақытта да осындай көмек келеді. Және де дәріханаларға халық үшін тиімді бағамен сатылуына берілетін болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір