• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:36:10
Алматы
+35°

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді, ал 28 адам ем алуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады.

– 2020 жылдың 3 сәуірі күні жергілікті уақытпен сағат 16.15-те COVID-19 вирусының жаңадан 2 жағдайы тіркелді. Анықталған 2 азамат Шиелі және Қармақшы аудандарының тұрғындары. Олар бұдан бұрын COVID-19 вирусын жұқтырған адамдармен байланыста болған. Жағдайлары қанағаттанарлық, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен қарым-қатынаста болған 662 адам бар. Оның 237-сі карантинде, 425-сі үй жағдайында бақылауда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір