• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:34:06
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2020 Әлем

Трамп: Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста да мұндай өлім болмаған

АҚШ президент Дональд Трамп америкалықтарға алдағы күндері коронавирус бойынша өлім-жітімнің үлкен қарқын алатынын айтты.

abc.net.au

Қазіргі таңда әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар Америка Құрама Штаттарында көп тіркеліп отыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырған 306 мыңнан астам тіркеліп, 8,3 мыңнан астам адам пандемиядан көз жұмған.

– Біз өте қорқынышты кезеңге келе жатырмыз. Біз мұндай сандағы өлім-жітімді көрген емеспіз. Мүмкін, соғыс кезінде, бірінші немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де көрмедік, – деді Дональд Трамп Ақ үйдегі брифингте.

Ақ үй медицина мамандарының айтуынша, үйде болуға қатысты бұйрықтар орындалса да пандемия кезінде 100 мыңнан 240 мыңға дейін мөлшердегі америкалық қайтыс болуы мүмкін.

Нью-Йорк губернаторы Эндро Куомо "біздің штатта соңғы 24 сағат ішінде коронавирус 630 адамның өмірін қиды" деп хабарлады.

Қазірге дейін Нью-Йоркте пандемиядан 3565 адам көз жұмды. Әсіресе, Нью-Йорктің шығысындағы Лонг-Айлендте жағдай өршіп тұр. Ондағы жағдай "өрт сияқты"  деді Куомо баспасөз мәслихатында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір