• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:23:07
Алматы
+12°

Филиппинде коронавирус ережелерін бұзғаны үшін бір ер адам атылды. Елде полицияның коронавируспен күреске қатысты шектеулерді сақтамағаны үшін бір азаматты атып өлтіргені туралы хабарланды. Бұл туралы Аljazeera сайты жазды. 

63 жастағы ер адам коронавирус шектеуі кезінде ауыл шенеуніктері мен полицияға қарсылық көрсеткеннен кейін оқ атылды, деп хабарлады полиция.
Полицияның хабарлауынша, атылған адам мас болған. Филиппиннің Агусан-дель-Норте провинциясындағы Насипит қаласындағы бақылау бекеті маңында ауыл билігі мен полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасаған деп түсіндірді ресми билік өкілдері.

«Ауыл дәрігері күдіктіге бетперде кимегенін ескертті. Бірақ күдікті ашуланып, арандататын сөздер айтып, ақыры қызметкерлерге шабуылдады», делінген хабарламада.

Бұл оқиға Филиппин президенті карантин ережесін бұзғандарды ататынын жариялағаннан бергі алғашқы атып өлтірілген жағдай болып тіркелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір