• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:32:19
Алматы
+35°
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді. Бұл туралы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

– Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп салынатын) – 209 тг/кг, қарақұмық жармасы – 339 тг/кг, күріш – 310 тг/кг, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 2169 тг/кг, тауық жұмыртқасы (I санатты) – 367 тг/10 данасы, күнбағыс майы – 434 тг/литр және ас тұзына – 59 теңге деп баға қойылған, – деді  Еркебұлан Оразалин.
 
Оның айтуынша, жоғарыда аталған тауар түрлері соңғы айда қазақстандықтардың азық-түлік тауарларына деген сұранысын талдау нәтижесінде анықталған. Яғни, осы тауар түрлері көп сатылғандықтан да, жыл басынан бастап бұлардың бағасы өскен. Дегенмен, енді жоғарыда аталған тауарлардың бағасын өсіргендер анықталса, оларға 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл түрінде жаза белгіленеді.

– Қазіргі уақытта Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінде күн сайын сауда нүктелерін аралап шығатын комиссиялар мен мобильдік топтар құрылды. Біз ірі сауда нысандарын аралап, оларға шекті баға белгіленген 9 өнім бойынша бағаның тұрақты болуына ескерту жасадық. Егер негізсіз бағаның өскенін байқап, қандай да бір тәртіп бұзушылық анықталатын болса, мобильді топ баянат (рапорт) жазып, фото және бейне-есеп жасайды. Содан кейін бұл материалдар комиссияның қарауына жіберілетін болады. Заң бұзушылық орын алса екі түрлі бағытта жазалануы мүмкін, біріншісі, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді, екіншісі, бұл берешекті бір апта және жазбаша келісім ішінде өтеген жағдайда айыппұлды 50 АЕК-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Әйтпесе, қаулы сотқа жіберіледі, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар Еркебұлан Оразалин Алматы қаласы бойынша барлық 9 атау бойынша ірі базардан бастап үйдің жанындағы дүкендерге дейін сатушыларға жоғарыда көрсетілген тарифтерден бағаны асыруға рұқсат берілмейтінін және қаланың барлық дүкендерінде азық-түлік жеткілікті мөлшерде екенін атап өтті. 
 
Осылайша, бүгінгі күні Алматыда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бөлшек бағалары:
  • бірінші сортты бидай ұны, 1 кг – 211 теңге;
  • бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан (формовой), 1 кг – 146 теңге;
  • рожки (өлшеніп салынған), 1 кг – 209 теңге;
  • қарақұмық жармасы (ядрица, таразы), 1 кг – 339 теңге;
  • күріш, 1 кг – 310 теңге;
  • сиыр еті ( сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), 1 кг – 2169 теңге;
  • тауық жұмыртқасы (I санат) он данасы - 367 теңге;
  • күнбағыс майы, 1 кг – 434;
  • ас тұзы ("Экстрадан" басқа), 1 кг – 59 теңге болып бекітілді.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір