• USD 411.54
  • EUR 458.13
  • RUB 5.84
  • CNY 57.64

07 Сәуір, 2020 NEWS

Алматы қаласының әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаров №4 аурухана қызметкерлерімен кездесті

almaty.gov.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша №4 қалалық клиникалық ауруханасы медицина қызметкерлерінің бірқатар өтініштеріне байланысты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров медициналық ұйым ұжымының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Т. Әбілдаев қатысты.

Анықталғандай, ұжым аурухана басшылығының жүзеге асыруы, дифференциялдық еңбекақы, сыйақы және басқа да ынталандыру төлемдерін жүргізу, жеке қорғану құралдарымен, атап айтқанда, медициналық маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматы қаласының аумағындағы карантин кезеңінде басқа қалалардан келген қызметкерлердің тұру жағдайлары бойынша бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында барлық мәселелер қаралды.

Талқылау барысында гемодиализ бөлімінің аға медбикесі З. Ахметова, дәрігер-травматолог Е. Мұратбек, травматолог-ортопед М. Жұмағұлов, дәрігер-сарапшы Е. Сүгір және т. б. ұсыныстар жасады.

Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір