• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:05:14
Алматы
+35°
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова Алматыда COVID-19 тестінен өтуге болатын орындар ашылатынын мәлімдеді.

– Коронавирустық инфекцияның кеңінен таралып кетпеуі үшін бүкіл әлемде қолданылатын екі тиімді әдіс бар. Біріншісі – әрбір азамат өз-өзін оқшаулау керек, екіншісі – тестілеуден өту. Үкімет CОVID-19 вирусын анықтайтын тесті сатып алуға қаржы бөлді, – деді А. Молдағасымова.
 
Денсаулық сақтау министрлігі енгізген ережеге сәйкес, COVID-19 тестілеуінен өтуге КВИ жұқтырған болуы мүмкін деген адамдар; науқастанғандармен байланыста болғандар; қатерлі індет кең таралған мемлекеттерден келген адамдар және медицина қызметкерлері саналады.

– Тестілеудің келесі түрі – жедел-тесттер, олар қазіргі таңда қалаға түсті. Қазір «Олимп» медициналық зертханасы санитарлық ережелерге сәйкес 5 пункт дайындады. Қайырымдылық қорларының бірі Денсаулық сақтау басқармасына қосымша жедел-тест сатып әперді. Бүгінгі таңда басқармада 8 пункт нақтыланды, олар жақын арада жұмысқа кіріседі, – деді департамент басшысы Айзат Молдағасымова.

Сонымен қатар ол жедел-тестілеу жұмысы ақпараттық қызметпен реттеліп отыратынын және жедел жәрдем қызметкерлері, стационарда жатпаған бірақ ЖРВИ-мен ауырғандар, созылмалы аурулары бар жандар, құқық қорғау органдарының, Ұлттық гвардия өкілдері, еріктілер, әкімдік және коммуналдық қызметтердің өкілдері де жедел-тесттен өтуіне болатынын атап өтті.

Жедел-тестілеуден қалай өтуге болады?

– Бұл жедел-тестілеуден өтінім берген және нақты көрсетілген сілтемелерде сауалнама мәліметтерін толтырған тұлғалар өте алады. Сіз сауалнамалық деректерде көрсеткен симптомдарыңыз бойынша тест тапсыру үшін іріктеуден өтесіз. Өтінішіңіз мақұлданғаннан кейін сізге СМС-хабарлама келеді, онда жедел-тест өтетін жердің мекен-жайы мен уақыты көрсетіледі, – деп сөзін қорытындылады.

Айта кететін жәйт, брифинг кезінде жедел-тестілеуден өту қала бойынша тегін екендігі айтылды.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір