• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:10:21
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының Толқынай Ордабаева атты инфекционист дәрігері қызмет барысында  коронавирус жұқтырғанын, қазір Тараздағы инфекциялық стационарда жатқанын жазды. Дәрігер "аудандық аурухана басшылығы медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеді" деп отыр.

 

Оның айтуынша, медициналық мекеме әкімшілігі дәрігерлерге қысым көрсетіп, оларды медициналық маска тігуге мәжбүрлеген. Жұмыста маска мен қарапайым қорғаныс құралдарын берместен, шамадан тыс еңбекке жеккен. Соның салдарынан дәрігердің иммунитеті әлсіреп, коронавирус жұқтырып алған.

– Науқастармен байланыста болған адамдар карантиннің 14-күнінде қайта тестілеуден өткізілмеді. Өйткені Жамбыл облысында оған қолайлы орта мен қаражат жоқ. Сондықтан науқастармен байланыста болғандар коронавирус бойынша соңғы анализ алынбастан ауруханадан шығарылды. Қазір вирусқа қарсы "Алувия" дәрілік препаратын қабылдап жатырмын. Алайда бұл дәрінің кері әсері көп. Мені  коронавирусқа шалдыққан эпидемиолог дәрігердің жанына орналастырды, – деді дәрігер. 

Сондай-ақ ол Жамбыл облысында коронавирусты анықтау үшін науқастардан тізбекті полимеразды реакция алынбайтынын, ондай ТПР тесттерінің жоқ екенін, байланыста болғандарды қайта тестілеу жасалынбайтынын айтты.

– Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің коронавирус жұқтырғанын жасырып отыр. Мені неге жеке палатаға жатқызбайтыны, менен және менің қасымдағы науқастан ауруханаға түскенде неліктен қайтадан анализ алынбағаны түсініксіз. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына дәрі-дәрмек пен қорғаныс материалдарына, дәрігерлерді санаты бойынша ынталандыруға деп бөлінген қаржы қайда кетті сонда? Неге облыста коронавирусқа ТПР зерттеу жүргізілмейді, неге тест алынбайды? Жамбыл облысындағы медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғаны неге жасырылып отыр? Менің жұмыс кезінде коронавирус жұқтыруыма байланысты неге эпидемиологиялық тергеу жасалмайды?, – деген сауалдарын қойды Толқынай Ордабаева.


 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір