• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:22:15
+35°

Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев қалада қоғамдық көлікте жолаушылар азайғанын онлайн брифинг айтты.

– Алматы қаласында карантин тәртібінің енгізілуіне және барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған еді. Соңғы аптада жолаушылар ағынының 80%-дан астамының азайғаны байқалды, – деп атап өтті Сағындық Телібаев.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде 114 бағыт бойынша 991 автобус қызмет көрсетіп жүр. Бір автобустағы орташа жолаушылар ағыны күніне 107 адамды құрайды. Осылайша, бір рейстегі жолаушылар ағыны 25 адамнан аспайды. Бұл жолаушылар арасындағы қажетті қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз етеді.

– Жалпы, қала бойынша қоғамдық көлікте коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін "Алматы қаласының дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК, "Нұр Тансық" ЖШС және "IC Development" ЖШС мамандандырылған компанияларымен барлық автобустарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Мәселен, салондарды дезинфекциялау түнгі уақытта барлық 16 автопаркте жүргізіледі. Шанақты жуғаннан кейін салонды ылғалды жинау жүргізіледі, содан кейін барып дезинфекция жұмысы басталады. Автобустардың есіктері міндетті түрде жабылады. Күндізгі мезгілді әрбір соңғы аялдамаларда автобус біткеннің салондарын дезинфекциялап отыратын мобильді санитарлық өңдеу посттары жұмыс істейді, – деді спикер.

Ол қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылғанын және төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін ғана қаланы қалпына келтіру жоспарланғанын атап айтты.

– Сонымен қатар, метрополитендегі жолаушылар ағыны да 90%-ға төмендеді. Соған қарамастан, метрода күн сайын штаттық режимде 4 жылжымалы құрам жұмыс істеп жатыр. Соңғы деполарда вагондарға дезинфекция жүргізіледі. Стансалар әрбір 2 сағат сайын, вагондар әрбір рейс сайын дезинфекцияланады, – деді С. Телібаев.

Брифингте басқарма басшысы жүргізушілер жалақысының өзгеріссіз қалғанын, сонымен қатар таңертең әрбір жүргізушінің жұмыс басталар алдында дене қызуы мен жалпы жағдайы тексерілетінін қадап айтты.

–Егер қызметкер өз денсаулығына шағымданса, онда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін міндетті түрде жедел жәрдем шақырылады. Барлық қызметкерлер бетперде және қолғаптармен толық қамтамасыз етілген. Осы орайда мен қоғамдық көлікті пайдаланатын барлық жолаушыларға үйге келген кезде қолдарын мұқият жуып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын, – деп Сағындық Телібаев сөзін түйіндеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір