• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:15:52
Алматы
+35°

Бүгінгі күні 8 сәуірде Қалалық жұқпалы аурулар стационарында ем алған тағы екі пациент емдеуден шығарылды, бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

– Бұл 1989 жылы туған ер адам және 1990 жылы туған әйел. Олар бұған дейін анықталған пациентпен байланыста болған, екеуі де 13 наурызда Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген, – деді ол.

Ер адамның ауруы жеңіл өтіп кетті, ал әйел адамның жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сондай-ақ «Оң жақты үстіңгі аймақты бронх демікпесі» диагнозы қойылды.

– Бүгінде екеуі де өзін жақсы сезініп, 14 күндік үй карантиніне шығарылды, – деп Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қосымша хабарлады.

Осылайша, қазіргі уақытта мегаполис бойынша коронавирустық инфекциядан сауығып шыққан адамдар саны 23 адамды құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір