• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:26:14
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус індетімен күресу үшін әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісетінін Іnstagram парақшасында жазды.

– Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу. Басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейді. «Жедел жәрдем», емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Санэпидемиологтар сияқты олар да үнемі тестілеуден өтеді, – деп жазды Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша бұдан өзге де медициналық қызметкерлер, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок-бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өтеді.

– Сондай-ақ, тестілеуден өтуге респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ. Сонымен қатар, жедел-тестілеуден қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорындарының жұмысшылары да өтетін болады. Вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу, – деді әлеуметтік желідегі парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

09.04.2020 Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу. Басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейді. «Жедел жәрдем», емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Санэпидемиологтар сияқты олар да үнемі тестілеуден өтеді. Бұдан өзге медициналық қызметкерлер, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок-бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өтеді. Сондай-ақ, тестілеуден өтуге респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ. Сонымен қатар, жедел-тестілеуден қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорындарының жұмысшылары да өтетін болады. Вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу. —— Активный поиск и выявление потенциальных больных – важный этап борьбы с коронавирусной инфекцией. После того как были определены заболевшие, прибывшие из других стран, и контактировавшие с ними, расширили круг подлежащих обязательному тестированию. Особое внимание – медработникам «скорой», поликлиник, приемных покоев больниц, провизорных стационаров и лабораторий. Как и санэпидемиологи, они регулярно проходят тестирование. Проверку также проходят медработники, полицейские, военнослужащие и сотрудники госорганов, находящиеся на блокпостах. Также тестированием будут охвачены горожане с симптомами респираторных заболеваний, больные пневмонией и состоящие на учете с болезнями органов дыхания. Кроме того, экспресс-тестирование пройдут работники служб и предприятий жизнеобеспечения города. Своевременное выявление скрытых очагов вируса позволяет держать под контролем эпидемиологическую ситуацию в городе. Наша задача – не допустить разрастания болезни в угрожающих масштабах.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір