• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:45:10
Алматы
+35°
Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова БАҚ өкілдеріне арнап онлайн брифинг өткізді. Орталық басшысының айтуынша, карантин кезеңінде eGov платформасы арқылы онлайн режимде тіркелуге және жұмыссыздық мәртебесін алуға болады.

Дәл қазір жұмыспен қамту орталығы төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған адамдар арасында мониторинг жүргізуде. Мемлекет есебінен табысынан айырылғандарға табыстарының 40% көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Бұл қаражат олардың жарты жыл және 24 айдан астам уақыт бойы ресми жұмысқа орналастыру кезінде жүргізілген аударымдарынан есептеледі.

– Біз жұмыссыздарға тұрақты жұмыс табуға тырысамыз. Төтенше жағдай кезінде 49 жұмысқа орналастырылды: олардың 26-сы тұрақты жұмыс тауып, 23-і уақытша жұмысқа орналасты, – деді Д. Иманқұлова.

Жұмыспен қамту орталығында 224-2000 және 221-6611 колл-орталығы жұмыс істейді. Күн сайын Еңбек бағдарламасы бойынша кеңес алу үшін 60-қа жуық адамға қызмет көрсетіледі.

Еңбек министрлігінің шешімі бойынша жұмыссыздық мәртебесін алу жеңілдетіліп отыр. Оны Жұмыспен қамту орталығына хабарласқаннан кейін келесі күні алуға болады.

Брифингте Диляра Иманқұлова карантин кезінде несие төлеу қиындықтары белең алғандықтан қала тұрғындарының 20% банкке тиісті анықтама алу үшін жұмыссыздық туралы рәсімделгенін жеткізді.
 
Сөз соңында орталық басшысы жұмыс іздеушілерге карантин кезінде «Скиф Трейд», «Масло дел», «Базис-А» және басқа да компаниялардың жұмысын тоқтатпағанын айтып, олардың жұмысқа қабылдауға дайын екендігін жеткізді.
 
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір