• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:18:42
Алматы
+35°

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанып алды. Бұл ақпаратты Қазақстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева Facebook парақшасында жазды.

Оның жазуынша, жүкті әйел 8 сәуірде перзентханаға толғақ қысып түскен кезде  ЖРБИ симптомдары болған. Кейін одан коронавирус анықталған.

"Бала аман-есен туды. Салмағы – 2970 грамм, бойы – 51 см. Сәбидің жағдайы бірқалыпты. Covid-19 анализі алынды. Әйел Covid-19 індетінен емделу үшін инфекция стационарына ауыстырылды. Ал әйелді босандырған дәрігерлер екі апта үй карантиніне жіберілді" деп жазды вице-министр.

Қазақстанда бұған дейін де екі қабат әйелден коронавирус табылған. Ол Алматы облысында емделіп жатыр.

Қызылорда облысын – Қазақстандағы коронавирустан ең қатты зардап шегіп жатқан өңірлердің бірі. Қазір бұл облыста  коронавирус жұқтырғандар саны 100-ге жеткен.

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда 781 адамнан вирус табылған. Олардың 60-ы жазылып шықты, сегізі вирустан көз жұмды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір