11 Сәуір, 2020 NEWS
polisia.kz
Алматыда лифт батырмасына түкірген бұзақы жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлады Polisia.kz.
Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы тұрғын үй кешеніндегі лифт батырмасына түкірген белгісіз жігіттің видеосы таралды. Оның бұл әрекеті «Алатау сити» тұрғын үй кешеніндегі лифтінің бақылау камерасына түсіп қалған.
– Оның аты-жөні кім екені анықталды, ол полицияға жеткізіліп, ҚР ӘҚБК 434-бабындағы (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық белгісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілді, – деп мәлімдеді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.
Бұзақы істеген әрекетіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады.
– Ашу үстінде лифт батырмасына түкірдім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын, – деді А. есімді жігіт.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір