• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:41:23
Алматы
+35°

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Бейіндік мектебі ағымдағы оқу жылының 14 ақпанында«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған республикалық конференция ұйымдастырды. Конференцияға ғылымға деген қызығушылық танытқан мектеп оқушылары мен арнайы орта білім мекемелерінің білім алушылары қатысты. Конференция туралы толық мәліметті htpps://kaznu.kz сайтынан біле аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектептің директоры Б.Н.Кульжанова мен ұстаздар ұжымының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының VІІ Республикалық конференциясы өз жұмысын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың университеттің басты ғимаратының алдына орналасқан әл-Фарабидың ескерткішіне гүл қойып, тағзым етуден бастады.

Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларымен қатар Жоғары оқу орындарының студенттері де белсене қатысты. Конференция талантты мектеп оқушыларымен қатар, студенттерді де ғылым әлеміне жетелеп, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Республикалық конференцияның пленарлық отырысының салтанатты жиынын құттықтау сөзбен ашқан бейіндік мектептің директоры Ботагөз Ниязовна бұл дәстүрлі VІІ Республикалық конфереция әуелі жұмысын қалалық деңгейде бастағанын айтып, ізгілікті шараның жылдан-жылға аясы кеңейіп, арқалаған жүгінің маңызды болып келе жатқанын атап өтті.

Конференцияның құрметті қонақтарының бірі педагогика ғылымдарының кандидаты Ербол Оңалбеков өзінің құттықтау сөзін халықаралық ағылшын тілінде бастады. Е.Оңалбеков биылғы ерекшеліктерін атап көрсетіп, ғылымның көкжиегіне жетсем деп талпынған жастарға «Сіздерден айрықша жетістіктер мен игі нәтижелер күтеміз" деп мемлекеттік тілде аяқтады.

Шараның құрметті қонағы, Жеке білім беру мекемелерінің республикалық қауымдастығының директоры Роза Садықова мемлекеттік пен ресми тілде сөйлеп, өзі қол жеткізген биік жетістіктерінің осы білім ордасынан бастау алғанын және осы түлегі екенін мақтан етітінін айтып, ҚазҰУ бейіндік мектебін өзі басқарып отырған қауымдастығына мүше болуымен құттықтады.

ЖОО-ға дейінгі факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Е.Жаппасов та жастардың осы әлемнің құпиясын тереңірек білсем, ғылым кеңістігінде пайдалы жаңалық ашып, туған елінің дамуына өзіндік үлесін қоссам деп келіп отырған жастардың қадамына сәттілік тілейтінін айта келіп, жас дарындарды ғылым әлеміне жетелеп, бағыт-бағдар беруші ұстаздарына алғысын білдірді.

Конференцияның құрметті қонақтары: ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызметі жөніндегі департамент директоры Серік Көпжасаровия Мухамбетжанов, «Әл-Фараби» кітапханасының директоры Қалима Төлеубаевна Туенбаева, «Әл-Фараби» орталығының директоры Берік Бәрікбайұлы Мейрбаевтар да конференция қатысушылары мен ұйымдастырушыларын ауқымды шараның ашылуымен құттықтап, жас дарындар мен оларға бағыт беруші  ғылыми жетекшілілеріне сәттілік тіледі.

Шынында, бұл конференция өте ауқымды көлемде, жоғары деңгейде өтті. Оған Алматы облысымен қатар Алматы, Актау, Кентау, Кокшетау, Кызылорда, Мангистау, Павлодар, Талдыкорган, Тараз, Шымкент Экибастуз қалаларынан келген 400-ге оқушы мен студенттер қатар, әр шәкіртінің жұмысын сәтті өтуін тілектес болып келген ғылыми жетекшілері де белсенділік танытып бірге келді.

Конференцияның ашылу салтанаты университеттің Әлемнің Екінші ұстазы, данышпан бабамыздың атындағы «Әл-Фараби» кітапханасынан конференцзалында бастау алып, бағытына орай секциялар жұмыстарын факультеттерде жалғастырды. Конференция секциялар «География, өлкетану, туризм» секциясы, «Тарих, археология, қоғамтану, этномәдениетану» секциясы, «Қазақ филологиясы, қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс және шетел филологиясы», «Биология, Экология, Медицина» секциясы, «Математика, қолданбалы математика және информатика», «Химия және химиялық технология» бағыттары бойынша жұмыс істеді.

Ғылым әлеміне қадамын жаңа бастаған жас дарындардың ғылыми жұмыстарынәр секция бойынша факультеттердің ғалым ұстаздары: оқытушы-профессорлар құрамынан жасақталған  арнайы комиссия мүшелері бағалады. Секцияда ғылыми жобаларын үздік қорғап, алғашқы жүлделі 1,2,3-орындарды иеленген талантты оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Конференцияның барлық қатысушыларына университеттің төл баспасынан шыққан мерейтойлық арнайы белгісі бар қойын кітапшалар, атаулы күнтізбелер, қаламдар, конференция бағдарламалары, мектептің жарнамалық буклеттері, конференция материалдарының жинағы бар папкалар мен сертификаттар табыс етілді. Білім алушыларды мектеп қабырғасынан-ақ ғылыми-зерттеу жобалау жұмыстарымен айналысуға қызықтыруға, отандық білім берудің инновациялық моделін құруға бағытталған және мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында ғылыми байланыс орнатқан конференцияның қатысушыларға үйретері де, берері де мол тәлімді шара болды.

Наралиева Рахила Турсыновна,

Бегалиева Айша Кәріпжановна

ҚазҰУ-дың аға оқытушылары

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір