• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:58:55
Алматы
+35°

Қазақстанның Ұлттық банкі жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін банк комиссиясының төмендегені туралы мәлімдеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту және банктердің комиссияларын төмендету шараларын қабылдау туралы тапсырманы орындау шеңберінде Қазақстан Ұлттық банкі банктердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау үшін алатын комиссияның төмендетілгені туралы хабарлайды", делінген хабарламада.

Ұлттық банктың мәліметінше, өзгерістер 2020 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді. Бұл маңызды әлеуметтік мәні бар экономиканың жекелеген салаларына қатысты: білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындары, ақылы жолдарға ақы төлеу, ауыл шаруашылығы қызметтері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер.

Қазақстанның Ұлттық банкі осы өзгерістерді қабылдау үшін халықаралық төлем жүйелерімен және екінші деңгейдегі банктермен қажетті жұмыс жүргізді. Бірлескен жұмыстың, талдау мен талқылаулардың нәтижесі бойынша жаңа сегменттер айқындалды, 2020 жылғы 1 мамырдан бастап Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның мөлшерлемесін қазақстандық банктер үшін 2 есе - 1%-ға дейін, фармацевтика сегментінде – 1,3%-ға дейін төмендетеді.

Сауда комиссиясын төмендету бастамасын төлем карточкалары нарығының негізгі қатысушылары қолдады. Олардың қатарына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «АТФБанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ кірді. Аталған екінші деңгейдегі банктерге эквайрингтік қызмет нарығында (төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету) жиынтығында 96% тиесілі.

Жоғарыда аталған қаржы институттары сауда (эквайрингтік) комиссиясын орташа алғанда 35%-ға (2,3% ағымдағы орташа мәннен транзакция сомасының 1,5%-ы орташа мәніне дейін) төмендетеді. Сауда комиссиясын төмендету кәсіпкерлер мен азаматтарға банктік комиссия бойынша өз шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді. Банкаралық және сауда комиссиясын төмендету жөніндегі бірлескен шаралардың нәтижесі бизнес субъектілері шығыстарының нақты үнемделуі ретінде жылына 2 млрд теңге деңгейінде болжанады.

Жалпы алғанда, қабылданған шаралар жеке қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды одан әрі дамыту үшін жағдайларды елеулі түрде жақсартады және «көлеңкелі экономиканың» көлемі қысқаруына оң әсер етеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір