• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:44:53
Алматы
+12°

Бүгін, 14 сәуірде Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяомен кездескен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі осыдан бірнеше күн бұрын қытайлық Sohu.com сайтында жарияланған "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Сайт таратқан хабарламаға қарағанда, қазақстандық дипломаттар Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте екі ел президенттері қол қойған Қазақстан мен Қытайдың бірлескен мәлімдемесіндегі стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтінін айтқан. Бұған қоса, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Қытайдың Сыртқы істер министрлігіне наразылық нота жолдаған.

Осыдан бір апта бұрын қытайлық Sohu.com сайты "Қазақстан Қытайдың территориясы болған, енді оны қашан қайтарып аламыз" деген мазмұнда ақпарат таратқан. Бұл мақала әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қамшы порталы мақаланы қазақшаға аударған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір