• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:05:26
Алматы
+35°

Сейсенбіде бірнеше халықаралық БАҚ Австрияда мыңдаған дүкен қайта ашыла бастайтынын жазды. Осылайша Австария коронавирус шектеуін алып тастаған Еуропадағы алғашқы ел болды.

Австрия билігі елде коронавирус алғаш рет тарала бастағанда мектептерді, кафелер мен барларды, театрлар, мейрамханаларды, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын орындарды жабуды бастаған. Халықты үйде отырып жұмыс істеуге шақырған. 

Қазір Австрияда жалпы 368 адам коронавирустан көз жұмған. Бұл көрсеткіш Еуропадағы кейбір елдердің күн сайынғы өлімінен аз.

Ал Азиядағы ең үлкен әрі халқының саны ең көп елдердің бірі Үндістан коронавирусқа байланысты қойылған шектеулер 3 мамырға дейін ұзартылатынын жариялады.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди халықты "тәртіпті" сақтауға шақырды. Ол сейсенбі күні халыққа үндеу жолдап, алғашқы үш апталық шетеу ел экономикасына ауыр соққы болды деп мойындады.

"Экономикалық тұрғыдан алғанда біз үлкен шығынға баттық. Бірақ Үндістан халқының өмірі әлдеқайда қымбат" деді Нарендра Моди.

Соңғы дерек бойынша, Үндістанда 9000-нан астам вирус жұқтырған.  Олардың 339-ы көз жұмған.

Үндістанда қатал шектеу шаралары енгізілген. Азаматтарға қажетті заттарды сатып алу үшін ғана үйлерінен шығуға рұқсат етілген, тіпті, бірнеше ірі провинция мен қалада заң бойынша адамдарға маска тағу талап етіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір