• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:23:49
Алматы
+35°

Төтенше жағдай кезінде қайтыс болған адамның жетісін, қырқы мен жылын беру секілді рәсімдерді кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

– Біздің елде адам қайтыс болғаннан кейін жетісін, қырқын, жылын беру деген дәстүр бар. Бұл шариғаттың міндетті құлшылығы емес, бұл сауапты істер. Шариғатымызда төтенше жағдай кезінде мұндай шараларды кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Яғни, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, Алла қаласа, қырқын немесе басқа асты беруге болады, – деді бас мүфти.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір