Қытай сайттары Қазақстанға қатысты даулы мақаланы өшірді

/image/2020/04/15/crop-11_3_315x597_080133211900.jpg

Осыдан бірнеше күн бұрын қытайдың Sohu.com сайты "Қазақстан Қытайдың территориясы болған, енді оны қашан қайтарып аламыз" деген мазмұнда ақпарат таратқан болатын. Бұл мақала әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қамшы порталы мақаланы қазақшаға аударған.

Соған байланысты, кеше, 14 сәуірде Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяомен кездескен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі осыдан бірнеше күн бұрын қытайлық Sohu.com сайтында жарияланған "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірген болатын.

Осыдан кейін Қытайдың жетекші сайттары – Sohu.com мен Wechat жаңалықтары Қазақстанға қатысты аталмыш мақаланы өшірді.

Тағы оқыңыз!

♦ "Қазақстанды Қытайға қашан қосамыз?". Қытайлық сайтта жарияланған мақалаға байланысты кездесу өтті

♦ Қытайдың танымал сайты: Қазақстанды Қытайға қашан қосамыз?

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар