• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:29:02
Алматы
+35°

Пекин Мәскеуден оралған Қытай азаматтары пандемияны қайта өршітуі мүмкін екенін айтып, шекара бақылауын күшейтті, – деп жазады The Wall Street Journal.

Қытай ресми ақпараттары бойынша, сәуір айының басынан бастап Қытайда жаңа инфекциялардың жартысынан көбі шетелден келгендерден анықталған. Сол себепті, Қытай соңғы күндері Ресеймен шекараларының бір бөлігін жауып тастады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, сәуір айының басынан бері 658 коронавирус жұқтырушының жартысы шетелден келген. Олар Ресейден Қытайдың Хэйлунцзян провинциясына кірген қытай азаматтары. Олар Мәскеуден 27 наурыздан бастап Владивосток арқылы Қытайға кірген, деп хабарлады Хэйлунцзян денсаулық сақтау комиссиясы.

Өткен аптада Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалада карантин жарияланған соң ондаған Қытай азаматы карантин ережелерін бұзғаны үшін депортацияланғанын хабарлаған. Алайда депортацияланған адамдардың арасында вирус жұқтырушылар бар-жоғы айтылмады.

Сәуірдің бірінші аптасында вирус жұқтырушыларлың көбеюі Қытайды Ресеймен барлық шекаралық өткізулерін жабуға мәжбүр етті, деп хабарлады Мәскеудегі Қытай елшілігі.

5 сәуірде Мәскеуден Бейжіңге ұшқан Air China авиакомпаниясының рейсінен коронавирус жұқтырған 35 жолаушы анықталған, деп хабарлады Қытай денсаулық сақтау қызметкерлері. Шанхай қалалық денсаулық сақтау комиссиясының хабарлауынша, Қытай билік органдары 10 сәуірде Мәскеуден Шанхайға Ресейдің жетекші тасымалдаушысы «Аэрофлот» компаниясының жолаушыларынан 60 жаңа жағдайды тіркеді. Екі рейстен де жолаушылар карантинге алынған.

Ресейден кірген жолаушылар арасында вирус жұқтырушылардың саны күрт артуына байланысты, Қытайдың Ресеймен шекара аймағындағы Суфенхе қаласының маңында 330 бақылау-өткізу пункті қойылған және ондағы барлық тұрғын үйлер қайта карантинге жабылған. Тұрғындарға азық-түлік алу үшін үш күнде бір рет үйлерінен шығуға мүмкіндік берілген. Жаңа инфекциялардың алдын алу үшін провинциялық үкімет Ресеймен шекараны кесіп өткен заңсыз әрекеттер туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы ұсынатынын мәлімдеген.

Al Jazeera мен Reuters Ресей шекарасы Қытайдың коронавируспен соғысында алғы шепке айналды деген мазмұнда хабар таратқан. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір