• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:29:14
Алматы
+35°

Қытайдың ағылшынтілді Global Times басылымы Қытай тарихи оқулықтардағы Қазақстанға қатысты тұстардың мазмұнына үлкен мән беретінін мәлім етті, деп жазады Қамшы тілшісі.

14 сәуірде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяомен кездескенде жасөспірімдерді дұрыс тарихи көзқарасқа тәрбиелеу үшін, екі ел арасындағы достықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін оқулықтардың мазмұнына мән беру керектігі айтылған.

Reuters "Қазақстанның сыртқы істер министрлігі сейсенбіде мақалаға наразылық білдіру үшін Қытай елшісін шақырған" деп жазса, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Global Times газетіне бұл әдеттегі дипломатиялық кездесу екенін және ол жайбарақат және достық жағдайда өткенін айтқан.

Чжан қазақстандық тараптың өтінішін Қытайдағы тиісті ведомстволарға жіберуге уәде берген.

14 сәуірдегі кездесуде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі қытайлық Sohu.com сайтында жарияланған "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірген болатын. Ал Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Қытайдың Сыртқы істер министрлігіне наразылық нота жолдаған.

Артынша Қытай сайттары Қазақстанға қатысты даулы мақаланы өшірді.

Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо "жуырда Қытайдың тәуелсіз контентінде жария болған мақала ешбір ресми орындардың көзқарасын танытпайды. Алайда, бұл жағдай қазіргі таңда ғаламтордың жалған, лас, әрі әрқилы өсек-аяң ақпараттарға толып кеткенін айшықтап берді" деп мәлімдеген.

Сондай-ақ ол өзінің facebook парақшасында "жастарға объективті тарихты дұрыс көрсету қажеттілігін" жазған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір