• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:46:45
Алматы
+35°

Елдегі соңғы оқиғалар аясында халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл жағдайда көптеген кәсіпкерлер мен бизнесмендер көмекке келді. Алайда, кейбір кәсіпкерлер кейде өнім бағасын көтерді. Осылайша, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Арнайы мониторингтік тобы және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, әлеуметтік маңызды өнімдер бағасының қымбаттауына мониторинг жүргізуде.

– Төтенше жағдай кезіндегі қызметтің негізгі екпіні жасыл дәліздің үздіксіз жұмыс істеуіне, азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға, бизнесті қолдау шараларын әзірлеуге қойылған. Мұның бәрі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Біз тұрақты түрде рейдтер өткізіп, бақылаймыз, –  деп Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат өз сұхбатында айтты.

– Қала тұрғындарын азық-түлік тауарларының негізгі түрлерін тұтыну көлемін ескере отырып, тұрақтандыру қорын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді, қаланы үш ай ішінде тұрақты бағамен 17 тауар түрі бойынша үздіксіз қамтамасыз ету бойынша отандық тауар өндірушілермен келісімге қол қойылды, –  деп хабарланды қала әкімдігінен.

Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерлерді халыққа көмек көрсетуге және бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын көтермеуге шақырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір