• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:27:49
Алматы
+35°

Алматыда кәсіпорындарды іске қосу карантин жағдайында барлық талаптарға сәйкестігіне аудит жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, 20 сәуірден бастап, Алматы қаласында кәсіпорындардың жұмысын кезең-кезеңмен іске қосу шеңберінде: өнеркәсіптік кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының, сондай-ақ алдын ала жазылу бойынша нотариустардың және Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы ХҚКО бір бөлімшесінің (тек қана бизнеске қызмет көрсету үшін) қызметіне рұқсат етілді.

Осылайша, қалада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны біртіндеп, бір айдың ішінде тағы да 90 мыңға жуық адамға көбейеді. Кәсіпорындарды іске қосу олардың жұмысының ерекшелігіне байланысты, кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

– Өз қызметін бастайтын кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындап, жұмыс комиссиясынан жұмысқа рұқсат алуы керек екенін түсіндіргім келеді. Комиссия құрамына СЭС, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және қаланың Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының өкілдері кіреді. Бұл дегеніміз, кәсіпорындар бірден жұмысын бастай алмайды. Рұқсатты олар жарияланған және жұмысқа дайын болған кезде ғана алуға болады. Біз жұмыс орнына барып тексеріп, содан кейін ғана іске қосамыз, – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Сондай-ақ, іске қосылғаннан кейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға мониторинг жүргізілетін болады және ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда, олардың қызметін тоқтата тұруға дейінгі шаралар қолданылады.
Қызметкерлерді COVID-19 инфекциясынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық тізбесі қаланың барлық өнеркәсіп және құрылыс нысандары үшін әзірленді. Жұмыс берушілер қатаң санитарлық нормалардың сақталуына дербес жауапкершілікте болады.

Сонымен, нысандарда қызметкерлердің жай-күйіне сауалнама жүргізіп және оларды журналға тіркей отырып, сондай-ақ тепловизорлардың көмегімен байланыссыз термометрия арқылы күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеру жүргізу талап етіледі. Барлық қызметкерлерді медициналық маскалармен және қолғаптармен, дезинфекциялаушы майлықтармен немесе тері антисептиктерімен, санитайзерлермен қамтамасыз ету қажет.

Қызметкерлер арасында, оның ішінде асханаларда, қашықтықты сақтау, кеңестердің санын, сондай-ақ адамдардың бір жерде көп шоғырлануын барынша қысқарту маңызды. Үй-жайларда үнемі дезинфекция және ылғалды жиыстыру, желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жеке гигиена және т.б. арналған санитарлық тораптар жұмыс істеуі тиіс.

Асқынған респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулар айқындалған қызметкерлерді жұмысқа жіберуге тыйым салынады. Бұл жағдайда, қызметкерді дереу оқшаулап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.

Осыған байланысты, тиісті аудит жүргізілгеннен кейін және кәсіпорынның карантин жағдайында жұмыс істеуге дайындығы туралы қорытынды берілгеннен кейін ғана оларды қызметкерлер мен көлік құралдары туралы деректерді infoalmaty.kz базасына енгізе отырып, Алматы қаласы бойынша жүріп-тұруға рұқсат берілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір