• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:26:36
Алматы
+35°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының өңірлер бойынша кестесін жариялады.

Биыл Ораза айы 24 сәуір, жұма күні басталады. Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түні қасиетті Қадір түні. Биыл пітір садақа жан басына 370 теңгеден белгіленді.

Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты тарауық намазы мешіттерде оқылмайды. Оны отбасында орындауға болады.

Сондай-ақ ҚМДМ әркімді өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуге, көпшілік орындарда (дәмхана, мейрамхана т.б.) жиналмауға үндеді.

Сондай-ақ бас мүфти сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат беретінін мәлімдеген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: рамазан айы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір