21 Сәуір, 2020 NEWS
Bloomberg
Солтүстік Корея басшысы жақында мерекелік шараларға қатыспағаннан кейін оның денсаулығына қатысты түрлі болжамдар шыға бастады.
Өткен аптада жүрек-қан тамырлары отасынан кейін Ким ауыр халде болды деген болжам бар. Трамп әкімшілігі оның қазіргі денсаулығынан күдіктенетінін мәлімдеді. Ақ Үй шенеуніктердің бірі Ким Чен Ын отадан кейін жағдайының нашарлай бастағанын айтқан.
CNN-ның ақпаратына сенсек, АҚШ-тың бір шенеунігі Солтүстік Корея басшысының өміріне "үлкен қауіп төніп тұрғанын" айтқан.
Алайда Ақ үй бұл туралы түсініктеме беруден бас тартты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір