21 Сәуір, 2020 Саясат
АҚШ Президенті Дональд Трамп бүгін таңертең твиттер парақшасында АҚШ-қа иммигрцияны уақытша тоқтата тұру туралы бұйрыққа қол қойғысы келетінін жазды.
«Көзге көрінбейтін дұшпандардың шабуылы себебінен, сондай-ақ біздің ҰЛЫ американдық азаматтардың жұмыс орындарын қорғау қажеттілігі үшін» осылай жасамақ екенін жазды. Мұндай тыйым АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған. Алайда, оның қалай жүзеге асырылатыны туралы егжей-тегжейлі айтқан жоқ.
АҚШ президентінің жазбасының астында кейбір пікір жазушылар оның бұл ойын қолдайтынын айтса, кейбірі қарсы пікір жазып, сынаған.
"ИӘ! Бұл американдық жобаларды қорғайды!
Осы кезде демократтар біздің салықтарымызды заңсыздарға беріп жатыр" деп жазған Joey Saladino есімді твиттер қолданушы.
Tom Fitton есімді қолданушы болса "Бұл біздің халқымыз үшін тарихи шешім және қажетті қорғау @realDonaldTrump" деп жазған.
Ал, John Pavlovitz есімді твиттер қолданушы "
Сіздің өтіріктеріңіз бен біліксіздігіңізден көз жұмған 42,000 ҰЛЫ американдықтар немесе 800,000 ауырған адамдар ше? вирустың төмендеуіне дейін немесе бізде тесттер жеткілікті болғанға дейін, экономиканы қайта ашуға итермелегендіктен ауырып, өлетін адамдар туралы ше?" деп АҚШ президентін сынаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір