28 сәуір «Ата-аналар күні» қарсаңында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша құрылған Жедел штаб коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, соның ішінде, шіркеулер мен бейіттерге бармауға кеңес береді.

Биылғы жылы каранитин режимінің жариялануына байланысты зиратқа тек жерлеу рәсімдерін жүргізу үшін баруға рұқсат етілген.

Қаладағы зиратқа адамдардың топтасып жиналуын болдырмау үшін Полиция департаменті кезекшілік ұйымдастырмақ.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Астана және Қазақстан митрополиті Александр ғибадатханалардағы (храмдарда) Құдайға құлшылық ету салттары жабық режимде өтетінін хабарлаған болатын. Марқұмдардың есімдері жазылған хаттарды заманауи коммуникация құралдары арқылы, яғни электронды пошта немесе мессенджерлерді пайдалана отырып ғибадатханаларға (храмдарға) жолдауға болады.

Алматының Вознесенск кафедралды соборында өтетін басты қызмет «Еуразия Бірінші арнасында» көрсетілетін болады. Карантин аяқталғаннан кейін бүкіл Қазақстан бойынша пасхалық сенбілердің бірінде марқұмдарды еске алу үшін құдайға құлшылық ету рәсімдері салтанатты түрде өтеді.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен елдегі төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Ата-ана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір