• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:13:01
+35°

Ақмола облысы Степногорск қаласында сарбаз атылып өлді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. 

"22 сәуірде сағат 7:30 шамасында № 3517 әскери бөлімінде (Степногорск қаласы) мерзімді әскери қызметтегі қатардағы Б.А. Рашев есімді сарбаз түзету мекемесінде қарауылда болған. Онда ол өзіне қарумен оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз алған жарақатынан қайтыс болды" делінген хабарламада.

Бұл іс Ақмола гарнизоны бойынша әскери прокуратураға берілді.

"ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бұйрығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды. "Орталық" өңірлік қолбасшылығы оқиға орнына арнайы топ жіберді. Қызметтік тексерістің қорытындысы жарияланады" деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір