• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:05:40
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы Іскерлік кеңесінің отырысын онлайн режимде өткізіп, карантин жағдайында кәсіпорындардың қызметін қайта бастау мәселелерін талқылады.

Онлайн жиналысқа Алматы қаласының Іскерлік кеңесіне кіретін «Атамекен» ӨКП, банк секторы, даму институттары, өндірістік және сауда компанияларының басшылары қатысты.

Кездесу барысында Exit Strategy аясында жүзеге асырылатын қаланың экономикалық белсенділігін қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспары талқыланды.

Сонымен қатар, Алматыда орналасқан отандық тауар өндірушілердің жеке қорғану құралдарын, оның ішінде медициналық бетперделер мен қорғаныш костюмдерін дайындауға қатысу мәселелері көтерілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір