• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:10:46
Алматы
+35°

Иран Ислам революциясы күзет корпусы (IRGC) алғаш рет әскери спутникті орбитаға сәтті ұшырды. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

«Нұр» деп аталатын жер серігі үш сатылы «Qased» ұшыру қондырғысымен тасымалданғаннан кейін 425 км (264 миль) ұшып барып орбитаға жетті.

Иранның өткен жылы бірнеше ұшырылымы сәтсіз шыққан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да спутниктің ұшырылғанын растап, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесін Тегеранды ядролық зымырандық бағдарламасын шектейтін халықаралық ережелерді бұзғаны үшін жауапқа тартуын талап еткен.

Бұл – кейбір сарапшылардың құпия ғарыштық бағдарлама деп сипаттаған күдіктерін растады. Ұшырылым Иранға құрлықаралық баллистикалық зымырандарды жасауға көмектесуі мүмкін.

"Мұндай технологияны қолдануға бола ма?" деген мәселе де сарапшыларды алаңдатуда. Иранның қазіргі уақытта қысқа және орта қашықтықтағы зымырандары бар.

Егер сәрсенбідегі ұшырылым сәтті болса, бұл Иран мен АҚШ арасындағы шиеленісті арттыруы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір