• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:26:24
Алматы
+35°

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде әскери-теңіз күштеріне америкалық әскери кемелерге қысым жасайтын кез келген ирандық жылдам қайықтарды атып, жойып жіберуді бұйырды.

Трамп "Мен Америка Құрама Штаттарының Әскери-теңіз күштеріне егер, теңіздегі кемелерімізге қысым жасалатын болса, кез келген және барлық Иран зеңбірек-кемелерін атып, жоюды тапсырдым" деп жазды твиттерде.

Трамптың бұл мәлімдемесі Тегеран алғашқы әскери спутнигін орбитаға сәтті жібергеннен кейін айтылды.

Оған қоса, Пентагон бір апта бұрын Иранды Парсы шығанағындағы америкалық алты әскери кемеге "қауіпті және қысым көрсететін тәсілдермен" 11 жылдам кемесін жіберді деп айыптаған.

Тағы оқыңыз:

♦ Иран әскери спутнигін орбитаға сәтті ұшырды

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Иран

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір