• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:36:06
Алматы
+35°

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин төтенше жағдай кезіндегі діни іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі туралы айтты. Бұл туралы almaty-akshamy.kz мәлімдеді. 

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, қасиетті Рамазан айында індеттің таралып кетпеуі үшін карантин кезінде тарауық намазы мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдеді. Біз баршаның амандығы үшін жасалып отырған бұл қадамды толығымен құптаймыз. Сондықтан тарауық намазын өз шаңырағыңызда, отбасы мүшелерімен оқуға кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індеттің жолын кесеміз, – деді Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, спикер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қауіпті індеттің таралып кетпеуі мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда, тағы да басқа мекемелерде жиналып ауызашар беруді уақытша тоқтату керектігін айтты.

– Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Ауызашар беру – мұсылман қауымы үшін маңызы зор сауапты істердің бірі. Дегенмен, біз үйге де адамдардың басын қосып, ауызашар беруге үзілді-кесілді қарсымыз. Қасиетті ай кезінде мұсылман бауырлар өзінің ағайын-туысына, достарына, таныстарына ауызашар беру парызын орындағысы келсе, ас мәзірін үйлеріне жеткізіп беруіне болады. Ол үшін азық-түлік өнімдері сапалы, таза, міндетті түрде оралып, қапталған болуы керек және тасымалдау үшін қаладағы клинингтік компаниялар қызметін пайдаланған абзал. Сондай-ақ, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға да осындай жолмен көмек қолын созуға болады, – деді Ж.Бекшин.

Қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері намаз кезінде де, ауызашар уақытында да жеке бастың санитарлық-гигиеналық тазалығын қатаң сақтау керектігін ескертті.

Осы орайда айта кетейік, Рамазан айында жамағаттың кез-келген сауалына дер кезінде жауап беру үшін 33-30-30 нөмірлі call-орталық ашылған. Бұл орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы қоңырау соғуға болады. Сall-орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір