22 Сәуір, 2020 NEWS
almaty.tv
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирустан қорғану үшін антисептик пен спирт қолдану оразаны бұзбайтынын айтты, деп хабарлады Аlmaty.tv.
– Жоқ, Алла қаласа, бұзбайды, әрине. Қазір таңда біз төтенше жағдайдамыз. Ол жай жағдай емес. Сондықтан бұл кезеңде адам қорғану үшін денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді шариғатымыз қолдайды, – деді бас мүфти.
Еске салайық, биыл қазақстандықтар үшін Рамазан айы 24 сәуірде басталады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір