• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:53:58
Алматы
+35°

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 4,1 миллионнан астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

23 сәуірдегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде кірістен айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 146 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде алғашқы айда – 3 млн 727,5 мың, екінші айда - 418,5 мың.

23 сәуірдегі жағдай бойынша «42 500 теңге» төлемге 8 млн 21 мың адам өтініш берді. Бірегей өтініштердің ең көп саны келесі өңірлерде:

- Алматы облысы – 1 млн 44,8 мың;
- Түркістан облысы – 998,9 мың;
- Алматы қ. – 896,2 мың;
- Нұр-Сұлтан қ. – 594,5 мың;
- Шымкент қ. – 534,4 мың.

Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған:
- Алматы облысы – 603,4 мың;
- Түркістан облысы – 496,6 мың;
- Алматы қ. – 403,1 мың.

Келіп түскен 3 млн 585 мың өтінім бойынша 42 500 теңге тағайындаудан бас тартылды, себебі олар ТЖ кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына сәйкестігін тексеруден өтпеген.

Бас тартудың негізгі себептері мынадай:

- өтініш берушінің жеке деректерінің дұрыс көрсетілмеуі;
- банктік шот нөмірінің дұрыс көрсетілмеуі;
-өтініш берушіде тұрақты жалақысының болуы (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);
- өтініш берушінің төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс жасамаған зейнетақы мен жәрдемақы алушы болып табылуы;
- өтініш беруші үшін төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін соңғы

12 ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының жүргізілмеуі, БЖТ төлемеу немесе бейресми өзін-өзі жұмыспен қамғандардың өтініш бергенге дейін БЖТ төлемеуі; - өтініш берушінің қайтыс болуы немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір