• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:52:21
Алматы
+35°

Белгілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай барша қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

– Бүгін әлем мұсылмандарының жыл бойы асыға күтетін Рамазан айы келіп жетті. Осы бір ай бойы тек өзін Аллаға бұрып ақ тілектер тілейді. Бұл 1,5 млрд адамзаттың 1,5  млрд бөлігінің иманға бұратын айы. Ол үлкен күш. Құдай қаласа осы күштің арқасында осы әлемді жайлаған қауіпті індеттен құтыламыз деп ойлаймын. Орталық мүфтияттың шешіміне сай ораза ұстаған жан мешітке бара алмайды, басқосып ауыз аша алмайды. Бұл шешімді біз қолдаймыз. Өйткені бастың амандығы маңызды, – деді С. Елубай

Сонымен қатар жазушы төтенше жағдай кезінде елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмыс жасап жүрген барша қызметкерлерге алғысын білдірді. 

– Б. Сағынтаев басқарған қала әкімшілігі күн-түн демей жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ жар құлағы жастыққа тимей жүрген күллі дәрігерлер қауымына, полиция, арнайы әскери қызметкерлерге алматылықтардың атынан алғысымызды айтамын, – деді С. Елубай. 

Жазушы сөз соңында барша күллі Алматы халқы осы бір айда Алладан ақ тілек тілеп, тілсіз жауға қарсы тұрып тазалық, тәртіп жұмыстарын сақтаса, індетті жеңіп шығуға үмітті екенін атап өтті. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір