Маңғыстау облысында коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды

/image/2020/04/24/crop-99_14_573x764_1587707667_577.jpg

Маңғыстау облысында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, науқас 1980 жылы туған, Мұнайлы ауданы Батыр ауылының азаматы.

– Ер адам 20 сәуірде дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырған соң жедел көмекке жүгінген. Рентген тапсырып, пневмония анықталды. Ол жедел жәрдемге жүгінгенге дейін бір апта өзін нашар сезініпті. Айта кетейік, ер адам екі рет коронавирусқа тест тапсырған. Біріншісі теріс, екіншісі оң нәтиже көрсетті. Ол өңірдегі әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен. Төтенше жағдай кезінде Ақтау қаласын өңдейтін дезинфекторлар тобында болған. Ер адамның отбасы бар, 5 баланың әкесі. Қазір онымен байланыста болған барлық адамдар карантинде жатыр, – деді Ерғали Сыдыманов.

 




Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар