• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:48:56
Алматы
+35°

Тегеран АҚШ-тың 400 нысанына шабуыл жасауды жоспарлағанын айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі британдық Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

– Иран әскерлеріне Американың жүздеген нысанына шабуыл жасауға дайындалу бұйрығы түскен,- – деп мәлімдеді Иранның жоғары қолбасшысы.

Иран аэроғарыштық күштер бригадасының генералы Амир Али Хаджизаде журналистерге берген сұхбатында: "АҚШ кері шабуыл жасауды шешсе, Иран әскерлері үлкен шабуылға дайын тұрған болатын" деп мәлімдеді.

Генерал Хаджизаде тағы: "Біз Американың 400 нысанасына шабуыл жасауға дайын болғанбыз" деді.

Алайда ол Иранның қандай нысандарды көздегені туралы нақтыламады.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Иран әскери спутнигін орбитаға сәтті ұшырған. АҚШ бұл оқиға жайында Тегеран БҰҰ қауіпсіздік ережелерін бұзғанын айтып, айыптаған. Вашингтонның ойынша, Иранның кезекті ұшырылымы ядролық оқтұмсықтар таситын құрлықаралық зымырандарға қатысты болуы мүмкін. Алайда Иран әскери спутниктің ядролық зымырандық бағдарламаға қатысы жоқ екенін мәлімдеген. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір